Полицияға облыстың 19 тұрғыны өтінішпен жүгінген.
Оларға әйел қант жеткізіп беруге уәде беріп, ақшаны алғаннан кейін хабарсыз кеткен. Жалпы шығын шамамен — 30 млн теңге.
Тәртіп сақшылары алаяқтық жасады деген күдікпен 31 жастағы әйелді ұстады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдіктінің басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Сот күдіктіге үй қамағы түріндегі процесстік мәжбүрлеу шарасын қабылдады.
сурет: istockphoto.com
https://turkystan.kz/article/251189-kant-almak-bolgan-shko-turgyndary-30-mln-tenge-shygynga-batty