Қамқорлықтың жылы лебі

 Талас ауданында қарттар үйіне жасалған қайырымдылық шарасы
Бүгін Талас ауданында ерекше бір мейірімге толы игілікті іс орын алды. Ауданның бас имамы мен қайырымдылық жолында жүрек қалауымен еңбек етіп жүрген Абдужалил бауырымыздың демеушілігімен, сондай-ақ «Ризық – Мүбәрак» қайырымдылық қорының бастамасымен қарттар үйіне арнайы барып, тұрғындарға жан жылуын сыйлаған қайырымдылық жасалды.
Бұл шара – тек материалдық қолдау ғана емес, ең алдымен рухани қуат, адамдықтың белгісі, үлкендерге деген ізеттің көрінісі болды. Қарттар үйіндегі әрбір ата мен апаның жүзіндегі қуаныш, көңіліндегі жылылық – бүгінгі істің қаншалықты маңызды болғанын аңғартты.
Имамдардың ынтымағы, бауырлардың ықыласы, қор демеушілерінің ниеті – бәрі бір арнаға тоғысып, жүректерді жақындатқан берекелі күн болды. Шара барысында ардақты қариялармен сұхбаттасып, олардың батасын алу – жастар үшін үлкен тағылым, өмірлік сабақ іспетті.
Қайырымдылық – қолдағы барды беру емес, жүректегі мейірімді бөлісу. Бүгінгі игі амал дәл осының дәлелі болды. Қасиетті хадисте: «Адамдардың ең қайырлысы – адамдарға пайдасы тигені» делінгендей, үлкенге құрмет көрсету, жалғыздың жанынан табылу – қоғамның рухани деңгейін көрсететін үлкен құндылық.
Алла Тағала осы іске атсалысқан барлық азаматтарға разы болып, жасаған қайырмыларыңыз қабылынан жазсын! Қайырлы істеріңіз көбейіп, ел ішінде ізгіліктің өрісі кеңейе берсін!
Comments (0)
Add Comment