Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда Әділетті Қазақстан құру кезеңінде ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үшін қоғамдағы жағымсыз әдеттерден аулақ болуды ұсынды. Қоғамды жайлаған бес кеселмен, атап айтқанда, есірткі саудасы және нашақорлықпен, лудоманиямен, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен, буллинг және агрессиямен, вандализм, ысырапшылдықпен бүкіл ел болып күресуге, тосқауыл қоюға шақырды. Бұл ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру жолындағы өте маңызды құрал» деп жас ұрпаққа тәрбие беру жұмысын күшейтуді, олардың бойына адами құндылықтар мен қасиеттерді сіңіруді тапсырды. «Ең бастысы, мейірімді және мәдениетті ұрпақ тәрбиелеуіміз керек» деді.
Шарада жастардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандарды қоғамдық ортаға тарту мәселесі бойынша аудан прокурорының орынбасары Данияр Кемелхан сөз сөйледі. Мұнан соң Еліміздің айқын мақсаттарының бірі – бәсекеге қабілетті жас ұрпақты жан-жақты жетілген, парасатты азамат етіп тәрбиелеу, еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру туралы аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов егжей — тегжей баяндады. Сонымен қатар, бала мен ұстаздардың арасындағы байланыс, баламен жұмыс жасаудағы тәжірибе алмасудың маңыздылығы жайлы аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы, ауданның құрметті азаматы Сахарап Қырғызбаев тұщымды ойын ортаға салды. Форумда қорытынды сөзді Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы №16 өрт сөндіру бөлімінің бастығының уақытша міндетін атқарушы Қуаныш Тастыбаев сөз сөйлеп, атқарылған жұмыстарға тоқталды.