Кәмелетке толмаған жастардың қылмысқа, құқық бұзушылық пен зиянды әрекеттердің алдын алу мақсатында түнгі рейдтер ұйымдастырылды

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі мен  «Қоғамдық сақшы» еріктілер клубының мүшелері Тараз қаласында  кәмелетке толмағандар арасында түнгі уақытта ата-анасыз және де өзге де заңды өкілінсіз жүрген жасөспірімдерге түсіндіру және ақпараттандыру жұмыстарын өткізді.

Іс-шараға облыстық ПД-нің Ювеналдық полиция қызметкерлері тартылды. Шараның басты мақсаты кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық орталықтарында қыдыруын болдырмау болып табылады.

Түсіндіру жұмыстары Тараз қаласы аумағында оналасқан саябақтарда, скверлерде түңгі 22.00 мен 23.00 аралығында жүргізіліп, 100-ге жуық жасөспіріпдерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Comments (0)
Add Comment