“Қамал” арнайы жоспары бойынша оқу-жаттығу өткізілді

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемесінде төтенше жағдайлардың алдын алу және қорғану,әрекет ету жолдарын үйрету мақсатында “Қамал” оқу-жаттығу іс шарасы өткізілді. Мекеменің қызметкерлері дабыл белгісімен көтеріліп, іс шараға 76қызметкер қатысты. Оқу-жаттығу барысында жеке құрам мекеме бастығының қосымша нұсқаулығы арқылы жауынгерлік шеберліктерін пысықтап, кез-келген жағдайға дайын екендіктерін көрсетті.

Comments (0)
Add Comment