Қала тазалығы — сана тазалығы

Тазалық — саналы адамзаттың белгісі. Қаланың көркін әдемілеуде тазалық жұмыстарын тиянақты орындау — басты назарда. “ Жасыл Ел -Тараз” еңбеккерлері саябақ орындарындағы гүлзарлар мен жасыл желекті талдарды суғарып, қоқыс жәшіктерін шығарып, тазалық жұмыстарын ерекше ілтипатпен орындайды.
“ Көптің ісі жоғалмас” демекші, қала тазалығын сақтау — баршаға артылған міндет. Міндетті жауапкершілікпен, ыстық ықыласпен орындау — басты борышымыз.

 

Тараз қаласының әкімдігі

Comments (0)
Add Comment