ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ ҚАШАН ДА МАҢЫЗДЫ

Қазіргі таңда қала тазалығына көп көңіл бөлінуде. Тараз ортақ мекеніміз болғандықтан оның тазалығына тұрғындар да жауапты. Алайда, осыны кейбір тұрғындар жете түсінбеуде.
Айталық, жуырда әлеуметтік желіде «Самал» ықшамауданы, 50-ші үйдің маңына қоқыс төгіп, қоршаған ортаға зиян тигізген тұрғынның видеосы тараған еді. Соған орай жергілікті полиция қызметкерлері іздеу жұмыстарын жүргізіп, ол тұрғынның жеке басын анықтады.
Нәтижесінде тиісті тұлғаларға ҚР ӘҚБтК 434-2 бабы 1 бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, қоқыс тастаған тұрғын жауапкершілікке тартылды.
Осы орайда біз қала тұрғындарын шаһар тазалығына бей-жай қарамауға шақырамыз.

Тараз қаласының әкімдігі

Comments (0)
Add Comment