Табиғат-ана – бізді қоршаған орта. Қоршаған ортаның тазалығына мән беріп, жауапкершілікпен қарау — баршаға ортақ міндет. Ортақ міндетті еңбек адамдарына ысырып, жауапкершіліктен қашқақтайтын кейбір тұрғындардың әрекеті көңілді күпті қылып жатады. Аула маңындағы шашылған қоқыс қала ажарына нұқсан келтіреді.