Айналаны таза ұстау, қоршаған ортаға қамқорлық таныту – әр адамның міндеті. Дегенмен, осыны жете түсінбей, шаһар тазалығына немқұрайлы қарайтын жандардың қатары азаяр емес. Ал оларды тәртіпке шақыру үшін қадағаны күшейту аса маңызды. Осы мақсатта қала аумағында құрылыс қалдықтарын, стихиялық қоқыстардың тиісті орынға тасталынуы, тұрғындардың тазалық сақтауы бойынша аумақтық инспекторлар тарапынан үнемі бақылау жұмыстары жүргізіліп келеді.
Нәтижесінде, ағымдағы жыл басынан бері қала тазалығына, қоғамдық тәртіпке нұқсан келтірген 60 жағдай анықталып, оның 51-іне ескерту берілсе, 9 адамға айыппұл салынды.
Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы