Биыл қала аумағында 16 аулаға абаттандыру жұмыстары жүргізу жоспарланып отыр. Жобалар Әулиеата және Жібек жолы аудандарын қамтиды.
Әулиеата ауданында келесі мекенжайлар абаттандырылады:
«Аса» (10) шағын ауданы №10 үй, «Астана» (12) шағын ауданы №9, 10, 11, 12, 30 үйлер, Жамбыл даңғылы, №16/3, Рысбек батыр көшесі, №9, Сәтбаев көшесі, №25, Төле би даңғылы, №3, «Қарасу» (5) шағын ауданы №20/4, Жамбыл даңғылы, №9А.
Жібек жолы ауданында Лукманов көшесінің 2-бұрылысы (№26 мектеп маңы), Шөлдала алқабы (Шырша көшесі), Байтұрсынов көшесі, №42, Молдарбеков көшесі (жаңа футбол алаңы маңы), Қостанай көшесінің 3-бұрылысы №10А, Сұлутөр алқабы, Пірімқұлов көшесі №3А, Бәйдібек баба көшесі (Сағынбек дүкеніне қарама-қарсы), Құмшағал алқабы (№56 мектеп маңы), аулалары жаңартылады.
Абаттандыру жұмыстары тұрғындардың демалуына және балалардың қауіпсіз ойнауына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.