Бүгін Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесінде «Қақпа алдындағы кездесу» іс-шарасы өтті. Шара аясында жазасын өтеуші сотталған 6 азаматтың жазасы шартты түрде және неғұрлым жұмсағырақ түріне ауыстырылды.
Жиында Тараз қалалық 1-ші Пробация қызметі бөлім бастығының орынбасары Ерлан Валиев, Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының маманы Мұратбек Әмреев және аталған мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Жәнібек Танатбаев жазасын өтеуден босатылған азаматтарға жұмысқа орналасу, кәсіби даярлау және қайта даярлау мәселелері бойынша толыққанды ақпарат берді.
Тағы бір айта кетерлік жайт, бостандыққа шыққан аталған 6 азаматтың ішінде Бақыт Нұрмаханов түзеу мекемесінде «Кран ісі» мамандығы бойынша оқып, тәмамдай алмаса, өзге сотталғандардың орта білімі бар.
Ағымдағы жылы қалалық Жұмыспен қамту орталығына 103 хат келіп түскен. Оның ішінде 70 адам орталыққа қайырылып, 39 адам жұмыспен қамтылған. Ал 12 адам оқуға жіберіліп, 50 азаматқа бір реттік жәрдемақы берілген.