Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылды.
Кездесуге Мансап орталығы Тараз қаласы бойынша филиалының бөлім басшысы М. Әмреев және аталған орталықтың маманы Н.Алдоңғаров қатысты. Орталық мамандары мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шыққан 3 азаматқа жұмысқа орналастыруда және тұрмыстық жағдайын реттеуде қолдау көрсету шаралары жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
– «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды дұрыс жолға бағыттауға көмектеседі, – дейді Мансап орталығы Тараз қаласы бойынша филиалының бөлім басшысы М. Әмреев.
Сонымен қатар жиын барысында құжаттарды қалпына келтіру және медициналық көмек мәселелері бойынша кеңес береді.