Қабырғалы қаламгердің қос кітабы

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты, халықаралық «Дарабоз» әдеби бәйгесінің бас жеңімпазы, халықаралық «Рух» әдеби бәйгесінің Гран-при иегері, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы және Жазушылардың халықаралық ПЕН-клубының, Халықаралық Еуразия жазушылары қауымдастығының Құрметті мүшесі Несіпбек Дәутайұлының «Жол» кітабы Түркияның астанасы Анкара қаласында түрік тілінде жарық көрді.

Кітаптың тұсауы Қазақстанның Түркиядағы елшілігі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Астана қала­сы­ның 20 жылдығына орай, «Астананың түркі әлеміндегі рөлі» атты дөңгелек үстелде кесілді. Оған Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулы Рыза Қаған, Анкарадағы Еуразия экономикалық қатынастар қауымдастығының төрағасы Хикмет Ерен қатысты. Басқосуда Несіпбек Дәутайұлының ешкімге ұқсамайтын ерекше қолтаңбасы қай ұлтты да бей-жай қалдырмайтыны айтылды. «Жолдың» аннотациясында «Қазақ жазушысының бұл кітабы Түркия оқырмандарына қазақтың тарихи танымы, наным-сенімін көркемдік қуатымен сөзсіз жеткізе алатыны күмәнсіз» делінген.

Екінші кітабы – «Кісі иесі» Астананың «Фолиант» баспасынан Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, Қазақстанның мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» бағдарламасы «Әдебиеттің әлеуеті» маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы арқылы жарық көрді.

Жазушының қазақ оқырманының жан тебіренісін тудырған «Ақ күшік» повесі халықаралық «Дарабоз» әдеби бәйгесінің Бас жүлдесін жеңіп алған. Халықаралық «Рух» әдеби бәйгесінде Гран-приді жеңіп алған «Тағдыр», әйгілі «Айғыркісі», «Батыр» әңгімелері де осы кітапта бар.

ar-ay.kz

Comments (0)
Add Comment