Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауда балабақша кезегіне тұру, жеке кәсіп ашу, және өзге де жеке мәселелер бойынша тұрғындар болды.
Қабылдау барысында азаматтардың өтініштерін тыңдаған Сәкен Үмбетұлы мәселелердің қолданыстаға заңнамалар аясында шешілу жолдарын түсіндірді.
Жұмыс жүргізу үшін бақылауға алынған мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.
https://www.facebook.com/photo/?fbid=813424910952573&set=pcb.813425094285888