Қабылдау

Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қабылдауға жазылған 26 тұрғын негізінен әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы мәселелерді көтерді. Олардың қатарында қоғамдық көлікті жиілету, Тектұрмас аумағында кәсіпкерлікпен айналысуға жер учаскесін беру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер телімін беру, арық жүйесін тазалау және талдарды кесу, аулаларды абаттандыру секілді өтініш-тілектер бар.
Қала тұрғындарының сауалын мұқият тыңдаған шаһар басшысы зерделеу жұмыстарынан кейін заң аясында тиісті шешімдер қабылданатынын айтып, азаматтардың өтініш-тілектері бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.

Тараз Қаласының Әкімдігі

Comments (0)
Add Comment