Бүгін Сарысу ауданы әкімінің міндетін атқарушы Сәкен Мамытов тұрғындармен жеке мәселелер бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауда тұрғын үй алу, газ мәселесі, материалдық көмек және өзге де жеке мәселелер бойынша тұрғындар болды.
Қабылдау барысында азаматтардың өтініштерін тыңдаған Сәкен Үмбетұлы әр мәселеге жеке тоқтап, заң шеңберінде шешу жолдарын түсіндірді.
Қадағалауды қажет ететін мәселелер басшылыққа алынып, жұмыс жүргізілетіндігі айтылды.
Қабылдауда көтерілген мәселелерге байланысты жауапты сала басшыларына тапсырмалар берілді.