ҚАБЫЛДАУ

Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков бірқатар азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қала әкімінің қабылдауына келген тұрғындар жер кезегі, тұрғын үймен қамтамасыз ету, тал кесу, көпқабатты үйге пандус орнату жөнінде сауалдар қойды.
Сонымен қатар тұрғындар жеке кәсіпкерлік бастау үшін жер телімі мен қолдау көрсету мәселесін көтерді.
Қала әкімі қабылдауға келген тұрғындардың сауалын мұқият тыңдап, зерделеу жұмыстарынан кейін заң аясында шешімін табатындығын айтты. Сонымен қатар, азаматтардың өтініш-тілектерін жауапты мамандарға тапсырды.
Comments (0)
Add Comment