ҚАБЫЛДАУ

Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Жанғозы Жаркенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауда тұрақты тұрғын үй алу, уақытша үй-жайға тұру, жер учаскесіне электр жүйесін тартуға көмек беру, мал ұстайтын орынға жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмектесу, жұмыс және өзге де жеке мәселелер бойынша тұрғындар болды.
Қабылдау барысында азаматтардың өтініштерін тыңдаған Жанғозы Өмірғалиұлы мәселелердің заң аясында шешілу жолдарын түсіндірді.
Бірқатар мәселелер бақылауға алынып, жұмыс жүргізу үшін жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.
Comments (0)
Add Comment