Жұмыс жоспарына сәйкес бүгін бірқатар аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, толғандырған сауалдарына жауап бердік.
Дейтұрғанмен, жеке бастың мәселесінен бөлек, Шу қаласына ортақ түйткілдерді көтеріп, тұтас бір көшенің аманатын арқалай келген тұрғындар да бар. Олар электр жарығы мен көше жолдарының сапасына қатысты ойларын айтып, қаңғыбас иттерге қатысты күрмеуі қиын мәселені шешіп беруді сұрады. Қабылдауға келген әрбір тұрғынның сауалына жеке дара жауап беріліп, кейбір мәселелер назарға алынды.