ҚАБЫЛДАУ

Аудан әкімнің орынбасары Қайрат Серимов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауда тұрғын үй алу, тұрақты жұмысқа орналасу, аудан суретшілерінің туындыларына аукцион өткізу және өзге де жеке мәселелер бойынша тұрғындар болды.
Қабылдау барысында азаматтардың өтініштерін тыңдаған Қайрат Маратұлы әр мәселе бойынша заңға сәйкес шешілу жолдарын түсіндірді.
Жұмыс жүргізу үшін қадағалауға алынған мәселелерге байланысты тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді.

 

Сарысу ауданы әкімдігі

 

Comments (0)
Add Comment