Kоллаж: Turkystan.kz
https://turkystan.kz/article/265162-kuieuim-zukti-kezimde-uryp-soqty-milliondagan-qaryzyn-zaptym-tanymal-bloger-qogamnan-komek-surady
Инстаграм әлеуметтік желісінде Түркиядан Қазақстанға тауар жіберіп, сауда жасап танымал болған ерлі-зайыпты блогерлер Берік Құтпанбай мен Назира Зәрудің отбасында жанжал шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұған дейін олар желіде идеал өмірлерін көрсетіп, бақытты, үлгілі отбасының рөлін сомдап келген болатын. Бірақ олар былтыр ресми түрде ажырасып кеткен. Оны көпшілікке жарияламаған. Тек Назира Зәру бірнеше күннен бері ғана отбасылық жанжалды ортаға салып, бірге тұрған бес жылда күйеуінен көрген қорлығын ашық жазып жатыр.
Оның айтуынша бұрынғы журналист – Берік Құтпанбай өзін жүкті кезде ұрып-соққан, ақша беруін талап еткен, перзентханада баласын босанып жатқанда бодиға барған көрінеді. Үйленген күннен бастап Назира еңбек етіп, Берікті асырауға, оның қарыздарын жабуға мәжбүр болған. Тіпті оның бұрын үйленіп ажырасқанын да екеуі отбасын құрған соң білген.
«Екіқабат бола бергім келетін еді, қайдан білейін жүкті болып та таяқ жеп көгеретінімді. Ішінде ұрпағы бар, но оны бір әйел үшін ұрып-соғады. Ол сүйді, шексіз, бала махаббатпен, көзі артық ештеңе көрмеді. Сені бәріне кінәлі ету, ұру, қорлау…. Артынан кешірім, кешірім, мүмкіндік. Соған сенген шарасыз әйел. Жанымен қоса мәнгі ұмытылмас жара тәнінде. Ол оны ешқашан ұмыта алмайды, себебі ол қызға біреудің қолының ұшы тимеген еді. Сен қол көтерген сәттен бастап ол өшті, түсінбеді, өзін кінәлады, бақытты әйелдің маскасын киді, бір күні ол өмірмен қоштасу керектігін түсінді, себебі жаны қансырап, көмек сұрады. Мені біреу ұрсын деп бермеп еді, бақытты боласың деп айтып еді, соған сенді. Бірақ олай емес екен, көзден от кетті, жаны тілімделді Сыртқа мықты етіп көрсеткісі келді, сені жақсы көргені сонша “көнем” деді, көнді, бірақ өмір бақи көне алмады, ішіндегі тілімделген әр жасағандары көз алдында болды, ұмыта алмады, түнде жастық көрді көз жасын, сен көрмедің. Саған айтса “жасын сүртудің орнына, аузыңды жап” дедің. Жапты, өшті, үнсіз ол, шарасыз ол, ол ештеңені түсінер емес, неге жала жабылып кеткенін түсінбеді, сен секілді қу емес еді, анқау болып келіп, ақымақ боп кететінін кім білген .
ҰЯЛМАЙМЫН ЕШТЕҢЕДЕН! Ұялып келдім. Мына жерде денедегі жара жазылғанмен жүрек пен көңілдің жарасы жазылмай қалды-ау. Қанша ұйқысыз түндер мен күндерім өтті, бізді ұрып, қорқытып, қорлап, жала жауып, бәрін тартып алу үшін алды ма?! Публикаға ойнап, 2 қызды ортаға салып, елге басқа, маған ісі басқа мені жынды етіп, жүрісті ететін кім ол?! Кім берді ондай құқықты. Неге қорқынышпен өмір сүруім керек. Қорлау үшін алды ма?! Елдерге бір рет ғана ұрдым деген батыр, қараңдар, міне, шындық ашылу үшін осылай жар салуымыз керек па. Неге досың шешеме үйтем-бүйтем деп угроза жасайды, неге, кімсіңдер?! Мен бақытты өмір сүріп жаткан адамның рөлінде жүргенмен де, ішімде не болып жатқанын білсеңіздер ғой. Маған керегі бұл өмірде тек тыныштық пен бостандық өзінен және таныс тамырларынан. Неге бізді намыссыз етіп, өздері тайраңдайды. Жасырып келдім бәрін, неге идеальный етіп көрсеттім екен, жанымды неге түсінбеді, нәзік әйел едім», — дейді ол.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/265162-kuieuim-zukti-kezimde-uryp-soqty-milliondagan-qaryzyn-zaptym-tanymal-bloger-qogamnan-komek-surady