«Күйеуім бірінші орында, ол бір жаққа бармайсың десе, бармаймын»: Блогер «Сабиркин» елге күйеуі туралы бар құпияның бетін ашты

Танымал блогер, вайнер, көпке «Сабиркин» лақап атымен танымал Сабира Жарасқызы күйеуі мен отбасы туралы бар құпияны ашты.

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол Айнұр Ілиясованың «Мамский әңгіме» подкастында әңгімелеп берді.

«Мен үшін, менің әлемімде ер адам жоғары. Ол бірінші орында. Егер ол маған бір жаққа бармайсың десе, мен бармаймын, ұнаса да бармаймын. Өйткені мені солай тәрбиеледі, ол менің өмірім, ол менің әлемім.

Менің қалауым осы. Әрине, біз ер адамды өзімізге серік етіп таңдағанда, бәрі орнымен болу керек. Кейбір ер адамдар шамадан тыс тыйым салып жатады. Мысалы: «демалма, тыныс алма» деген сияқты. Менің жолдасым олай айтса, оның өзіндік себебі бар деген сөз.

Ол ешқашан себепсізден себепсіз олай айтып көрген емес. Ол айтады, егер сен сол жаққа баратын болсаң, мынадай жағдай болуы мүмкін, сен оны жүрекке жақын қабылдап, алаңдайтын боласың дейді», — деп ағынан жарылды блогер.

https://kaz.caravan.kz/madeniet/kyjeuim-birinshi-orynda-ol-bir-zhakka-barmajsyn-dese-barmajmyn-bloger-sabirkin-elge-kyjeui-turaly-bar-kupijanyn-betin-ashty/?fbclid=IwY2xjawIf_qBleHRuA2FlbQIxMQABHQ6VgTxSV9RWtxpdTUrowproXajsDpGDmnt25k12j-ui0N3eo-oWVyabpA_aem_4QVj43L-466rVZxTC0FfLQ
Фото: Instagram/sabirkin_
Comments (0)
Add Comment