Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесінің әкімшілігі тарапынан COVID-19 вирусының таралуының алдын алу бойынша кешенді іс-шаралар жоспары бекітілген. Коронавирус таралуының алдын алу мақсатында жеке құрам қызметкерлері эпидемиологияға қарсы режимді сақтай отырып, бірқатар шара жүргізеді.
Бүгінгі таңда аталған мекемеде санитарлық және инфекциялық режим күшейтілген. Коронавирус таралған жағдайда қарсы әрекет ету шаралары қабылданып, жеке құрам қызметкерлеріне іс-әрекет алгоритмі үйретілген.
Мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Айгүл Танашева қауіпті вирустан сақтануда жеке бас гигиенасын сақтау аса маңызды рөл атқаратынын айтады.
— Жеке гигиенаны сақтау қажет. Қорғанудың ең оңай тәсілі барынша тиімді болып келеді. Бетперде (маска) вирустан қорғалатындығыңызға кепіл бола алмайды. Дегенмен оны тағу, шешу және кәдеге жарату ережесі бар. Өзін-өзі оқшаулау шаралары қажет. Мекеме аумағын зарарсыздандыру бойынша кешенді шаралар да қабылданған. Жеке құрам қызметкерлеріне індетке қарсы костюм кию оны зарарсыздандыру бойынша дәрістер оқытылған», — деді А.Танашева.
Дилора Борат,
ЖД 158/5 мекемесі медициналық бөлімнің фельдшері әділет лейтенанты