Израиль әуе күштері Бейрутке шабуыл жасады: Зардап шеккендер саны артты

ãФото: Hussein Malla / AP

Шабуыл туралы Ливанның денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Жарылыс болған жерде іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Құрбандар саны артуы мүмкін деген болжам бар.

Айта кетейік, Израиль әуе шабуылы күндізгі қарбалас уақытта Ливанның оңтүстігіндегі халық тығыз орналасқан аймаққа соққы берді.

Шабуыл «Хезболла» Израильдің солтүстігіндегі ең ауыр бомбалау науқандарының бірін бастағаннан кейін бірнеше сағат өткен соң жасалды.



Еске салайық, бұған дейін Израиль «Хезболла» тобының 11 жауынгерін, оның ішінде Радванның таңдаулы күштерін басқарған Ибрагим Акилді өлтіргенін хабарлады. Жауынгерлік топ мүшелері қираған ғимараттың жертөлесінде жиналыста болған.

https://stan.kz/izrail-aue-kushterinin-beyrutke-zhasagan-shabuilinan-za-406649/

Comments (0)
Add Comment