Биыл 24 600 гектар алқапты игеру жоспарлануда

Биылғы жылы 24600 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылатын болады
2024 жылдың жер есебіне сәйкес аудандағы жалпы егістік жер көлемі 24913 гектарды құрады. Биылғы жылы 24 600 гектар алқапты игеру жоспарланып отыр. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 321 гектарға артық.
2023 жылы облыста орын алған ағын су тапшылығына байланысты, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, суармалы егістік алқаптардағы суды көп қажет ететін дақылдары мейілінше азайтып, су аз қажет ететін дақылдарға басымдылық берілуде.
Атап айтқанда:
Дәнді дақылдар 9500 гектар, о.і. күздік бидай-4500 гектар, жаздық арпа-4000 гектар, дәндік жүгер-1000 гектар.
Майлы дақылдар (мақсары) – 8200,0 гектар;
Картоп, бақша және көкөніс дақылдары 215 гектар о.і. картоп-15 гектар, көкөніс-90 гектар, бақша-110 гектар.
Мал азығы дақылдары (жоңышқа) – 5800 гектар және 885 гектар алқапта сүр көтеріледі.
Жалпы ағымдағы жылы егістік алқаптың 99% игерілетін болады. Аудан бойынша карантинге қойылған егістік алқаптарының көлемі 552 гектарды құрайды.
Comments (0)
Add Comment