Иван Шеремет Қазақстандағы жылдың үздік кеншісі атанды

«Жыл Кеншісі» номинациясы бойынша Qarmet компаниясына қарасты Саран шахтасының бригадирі Иван Шеремет жеңімпаз атанды. 18 жылдық тәжірибесі бар кенші өз командасымен бірге 2024 жылдың ақпан айында қысқа мерзімде 250 м газды дренаждық штректі бағындырды. Осылайша маман 870 мың тонна қоры бар лаваны жоспарланған мерзімнен бұрын межеге жетуге мүмкіндік берді.

«Жалпы алғанда, жоспар айына 160-180 метр. Оны жүріп өту басқа да факторларға байланысты. Біз рекорд жасадық. Бригадада 45 кенші бар. Бұл біздің ортақ еңбегіміз. Бүгінде жұмыста да ілгерілеу бар. Себебі әркім өз міндетін жақсы біледі. Қарапайым қызметкерден бастап біздің басшылыққа дейін бар жағдайды жасап келеді. Біздің жұмыс оңай емес, бірақ жетістікке жету қолымыздан келді», — деп Шеремет қуанышын бөлісті.

Тағы бір маңызды оқиға — «Qarmet»АҚ өндірістік-өткізу басқармасының бөлім бастығы Владимир Филипповқа III дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісі салтанатты түрде тапсырылды.

«Мен комбинатқа 1977 жылы оқушы болып келдім. Содан кейін 3 жыл әскер қатарында болдым. 1981 жылы комбинатқа қайтып келдім, содан бері осында жұмыс істеймін. Шынымды айтсам, марапатқа ие болады деп күткен жоқпын. Бұл бүкіл ұжымға көрсетілген құрмет деп санаймын. Біздің бөлім өндіріс барысын қамтамасыз ету үшін айлық норманың жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуын қадағалайды. Бізде орындалмайтын жоспар жоқ. Менің ойымша, бұл тәжірибе мен білімнің арқасы. Сол тәжірибе мен артылған сенімді жаңа жетістіктерге жету үшін де қолдану керек», — деді Владимир Феоктистович.

III дәрежелі «Шахтер даңқы» төсбелгісімен «Қазақстан» шахтасының №2 дайындық жұмыстары учаскесінің өткізушісі Жанат Ермағамбетов наградталды.

«Менің еңбек жетістіктерім еленгеніне өте қуаныштымын. Шахтада 1996 жылдан бастап жерасты тау-кен жұмысшысы ұңғыма бригадасында жұмыс істеймін.  Қазір біз Қазақстан шахтасының жұмысын қауіпсіз жолға қойып жатырмыз, алда көптеген міндеттер тұр, менің ұстанымым — ең бастысы қауіпсіздік техникасының барлық ережелерін сақтау», — дейді Жанат Ермағамбетов.

Qarmet компаниясы әріптестерін лайықты наградаларымен құттықтап, жарқын жеңістерге жете беруге тілек білдірді.

https://stan.kz/ivan-sheremet-kazakstanda-zhildin-uzdik-kenshisi-bolip-401364/
Comments (0)
Add Comment