Иран астанасы Тегеранда елдің бұрынғы Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменейді ақтық сапарға шығарып салуға арналған жаназа намазы өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаназа рәсімі Тегерандағы «Имам Хомейни Мусалла» мешітінде өтті. Намазды мешіттің арнайы бөлінген бөлігінде аятолла Жафар Субхани жүргізді.
Таңертеңнен бастап ұлттық туларын ұстаған жүздеген мың ирандық рәсім өтетін орынға жиналып, жаназа намазына қатысты. Қаралы рәсімге Иран президенті Масуд Пезешкиан, елдің әскери және саяси басшылығының өкілдері, сондай-ақ дін қайраткерлері қатысты.
Ертең Тегеранда ресми қоштасу рәсімі өтеді. Одан кейін Әли Хаменейдің денесі Құм қаласына жеткізіледі.