Иран мен Израильде зардап шеккен қазақстандықтар жоқ – Министрлік

Фотоколлаж Юлия Духновская/Liter.kz
https://turkystan.kz/article/262377-iran-men-izrailde-zardap-sekken-qazaqstandyqtar-zoq

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Израиль мен Иранда қанша қазақстандық азаматтың жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Иран мен Израиль арасындағы қарым-қатынастың ушығуына байланысты ҚР СІМ Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият бақылап отыр.

Смадияровтың айтуынша, қазіргі уақытта кейбір әуе компаниялары рейстерінің тоқтатылуына байланысты 300-ге жуық қазақстандық азаматтың елге оралуы қиындық туғызып отыр, олардың басым бөлігі – туристер.

«Қазіргі таңда Иранда 132, Израильде 219 қазақстандық бар. Дипломаттар азаматтарымызбен тұрақты байланыста», – деді Айбек Смадияров.

Сондай-ақ ҚР Сыртқы істер министрлігі Израиль мен Ирандағы Қазақстан азаматтарына тұрғылықты жерінен аса қажеттіліксіз шықпауға, қауіпсіздік шараларын күшейтуге, қырағылық пен сақтық танытуға, жаңалықтарды бақылап, жергілікті билік органдарының ұсынымдарын сақтауға кеңес берді. Сонымен қатар, Қазақстанның Иран мен Израильдегі елшіліктерімен және Сыртқы істер министрлігімен тұрақты байланыста болу қажеттігі айтылды.

Comments (0)
Add Comment