Интернет алаяқтықтың өзекті түрлері туралы сабақ өтті

Интернеттегі алаяқтық деректері күн өткен сайын көбейіп келеді. Аталған бағыттағы қылмыстар санын барынша азайту, алдын алу және болдырмау мақсатымен Жамбыл облысы Полиция департаментінде Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Шохан Альжанов интернет алаяқтықтың өзекті түрлері туралы сабақ өткізді. Қызметкерлерге ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары мен алаяқтықты тану бойынша практикалық кеңестер берілді.

Comments (0)
Add Comment