Интерактивті сабақ

Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мектеп оқушыларына «Жер сілкіну туралы негізгі түсініктер. Оқушылардың жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдары» атты интерактивті сабақ өткізді.
Дәріс онлайн режимде өтті. Яғни, аудан және Жаңатас қаласы мектептерінің оқушылары да сабақты видео портал арқылы көріп отырды.
Шараның басты мақсаты — оқушыларды осындай қауіпті апаттар кезіндегі қабылдау керек шешімдермен таныстыру, сонымен қатар жер сілкінісі туралы түсінік қалыптастыру.
Comments (0)
Add Comment