Илон Маск Ресейден саяси баспана сұрады – Ресей СІМ өтініш алғанын растады

https://turkystan.kz/article/262597-ilon-mask-reseiden-saiasi-baspana-surady-resei-sim-otinis-alganyn-rastady

АҚШ-тың әйгілі кәсіпкері әрі миллиардері Илон Маск Ресейден саяси баспана сұрады. Бұл туралы РФ Мемлекеттік Думасы төрағасының орынбасары Владислав Даванков NEWS.ru басылымына мәлімдеген, деп хабарлайды turkystan.kz. Оның айтуынша, қазір Сыртқы істер министрлігі Масктің өтінішін қарап жатыр, ал жауап бір айдың ішінде берілмек.

«Илон Маск кей тұста қателік жіберген шығар, бірақ ондай қателіктерді кешіруге болады деп ойлаймын. Егер бәрі сәтсіз болса, біз оны әрқашан қабылдауға дайынбыз. Технологиялық тұрғыдан да, болашаққа көзқарасы жағынан да ол – керемет адам», деді Даванков Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында сөйлеген сөзінде.

Илон Маск бұл ақпаратқа қатысты әзірге ешқандай ресми пікір білдірген жоқ.

Бұған дейін ол X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің әзілін бағалап, өзінің АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамппен «Starlink акциялары үшін» татуласуға дайын екенін меңзеген жазбасына жауап берген еді.

Сондай-ақ, Маск бұған дейін Иран аумағында Starlink спутниктік интернетін іске қосқанын хабарлаған болатын.

Comments (0)
Add Comment