ИГІЛІКТЕ ИГІ ІСТЕР ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Игілік ауылдық округінде атқарылып жатқан игі істер одан әрі жалғасын табуда.
Бұл жөнінде аудан әкімі Сәкен Мамытов ауыл тұрғындарымен есептік кездесуінде айтты.
Алдымен аудан басшысы есептік кездесуде тұрғындарға 2024 жылғы қаңтар-маусым айлары аралығында атқарылған және алдағы атқарылатын жұмыстарды баяндады.
Ауданда барлық сала бойынша атқарылған жұмыстармен қатар, Игілік ауылдық округінде де жүзеге асқан жобаларға да тоқталды.
«Ауыл ел бесігі» жобасы аясында Өндіріс ауылындағы Ж. Отарбаев атындағы орта мектебін күрделі жөндеуге 116,1 млн.теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары нәтижелі жүргізілуде. 1 қыркүйекке дейін құрылыс жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға беріледі.
Сонымен қатар, Игілік ауылдық округіне аудандық бюджет есебінен 76,2 млн. теңге қаржы қаралып, бүгінгі күнге тиісті жұмыстар атқарылуда.
Оның ішінде, тұрмыстық қалдықтар тастау орнының құрылысы жүргізу, Игілік ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратының қасбетін жөндеу, ауыл көшелеріне ИДН және жол белгілерін, балалар ойын алаңы, стритвораут орнату, т.б жұмыстар бар.
Аудан әкімі биылғы жылдың қаңтар айындағы тұрғындармен кездесуде көтерілген мәелелер бойынша атқарылған жұмыстарға, шешімін тапқан мәселелерге де тоқталды.
Есепті кездесуде ауыл тұрғындары құдық қазу, егістікке су әкелетін каналды жөндеу сияқты мәселелерді көтерді. Көтерілген мәселелер бойынша сала басшылары жауаптарын берді. Мәселелер бақылауға алынды.
Жиын барысында сөз сөйлеген ауыл тұрғындары ауданда атқарылған жұмыстарға қанағаттанарлық деген бағасын беріп, аудан әкімінің алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Comments (0)
Add Comment