Өлім аузында жатқан иесін құтқарған мысық танымал болып, марапатқа ұсынылды деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға Ливерпульде болған. Мысықтың қант диабетімен ауыратын иесі, 51 жастағы Аманда Джеймсон түнгі уақытта есінен танып қалады. Кейін оның қандағы қант деңгейі өте төмен күйде ұйықтап қалғаны анықталды.
Sky News жазғандай, Уиллоу есімді мысық теледидар алдында ұйықтап қалған Джеймсонның серігі, 57 жастағы Рэй Шервудтың аяғын тістеп, оятқан. Сөйтіп, оны жатын бөлмеге ертіп апарған. Бір қызығы, артынан еріп келе жатқанына көз жеткізу үшін қайта-қайта қарап тұрған. Ер адам мысықтың әрекетіне қарап, Амандаға бір нәрсе болғанын сезеді. Расында, бөлмеге барғанда Шервуд Джеймсонның ес-түссіз жатқанын көріп, дереу жедел жәрдем шақырған.
Осыдан кейін иесін құтқарып қалған мысық National Car Awards марапатына ұсынылды. Бұл сыйлықта арнайы номинациялар қарастырылған.
https://turkystan.kz/article/221608-iesin-olimnen-kutkargan-mysyk-marapatka-usynyldy/