Ғылымдағы әйелдер: талпыныс, төзімділік және табандылық

Бүгін партияның облыстық филиалы жанындағы «Әйелдер қанаты» мен Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті бірлесіп «Ғылымдағы әйелдер: Талпыныс, төзімділік, табандылық» атты фейл-конференция ұйымдастырды. Жиынға партия облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов қатысты.
Конференцияға өңірдегі жоғары оқу орындарының ғалым әйелдері жиналды. Басқосу ғылым саласында еңбек етіп жүрген әйелдерге кәсіби қолдау көрсетуге, олардың ғылыми қызметке белсенді қатысуын арттыруға және талантты зерттеушілердің әлеуетін кеңейтуге бағытталды.
Өз сөзінде партия облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов өңірдегі ғылым саласындағы әйелдердің рөліне ерекше тоқталып, ғылымдағы әйелдер зияткерлік әлеуеттің маңызды бөлігі екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол жаңа Конституцияда айқындалған басым бағыттарға назар аударды.
Іс-шара барысында ғылымдағы әйелдердің ғылыми-әдістемелік мүмкіндіктерін дамыту, әйел ғалымдардың көшбасшылық және тәлімгерлік мектебін қалыптастыру, тарихтағы ғалым әйелдердің ізі мен гендерлік зерттеулердің маңызы талқыланды. Сонымен қатар, цифрлық дәуірде жасанды интеллект, IT, STEM және заманауи технологияларды енгізудегі әйелдердің рөлін кеңейту мәселелері де қамтылды.
Comments (0)
Add Comment