Грузияда наразылыққа шыққандар оларды белгісіз жандар ұрып-соғып, қоқан-лоқы көрсеткендері айтады

Фото: Sova

Грузияда сәуір айының ортасынан бері «Шетел агенттері туралы заңға» қарсылардың наразылықтары жалғасып жатыр. 1 мамырда ел парламенті бұл құжатты екінші оқылымда мақұлдады. Осыған қарамастан көшедегі наразылықтар тоқтаған жоқ. Белсенділер оларды белгісіз біреулер соққыға жыққанын айтады.

8 мамырда Михаил Саакашвилидің «Бірыңғай ұлттық қозғалыс» партиясының мүшесі Дмитрий Чиковани мен наразылық шерулерін ұйымдастырушылардың бірі Лаша Гвинианидзе шабуылға ұшырап, зардап шеккен..

Тағы бір оппозициялық саясаткер, «Гирчи – көбірек бостандық» партиясының жетекшісі Зураб Джапаридзе ағасына шабуыл жасалғанын хабарлады. Саясаткердің айтуынша, оның туысын бейсбол таяқшаларына ұқсас таяқтармен екі-үш адам ұрған.

«8 мамырда түстен кейін Джапаридзе мен оның бүкіл отбасына қоқан-лоққы қоңыраулар түскен. Саясаткердің ата-әжесіне немерелері жетім қалатынын айтып қорқытқан», – делінген хабарламада.

Еске салсақ, Грузия парламенті «Шетелдік агенттер туралы» заңды екінші оқылымда қабылдағаны айтылды.

https://stan.kz/gruziyada-narazilikka-shikkandar-olardi-belgisiz-zhanda-399922/

Comments (0)
Add Comment