Грек-рим күресінен екі балуанымыз әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

фото: olympic.kz

Бұл туралы Olympic.kz хабарлайды.

Грек-рим күресінен 51 келіде финалға шыққан Алпамыс Болатұлы ақтық сында америкалық Джэйден Рэйниден 5:7 есебімен ұтылып, күміс медаль иеленді.

Сондай-ақ, 80 келіде белдескен Еркебұлан Анапия финалда нейтралды спортшы Михаил Шкаринге 0:3 есебімен жол берді. Еркебұлан да әлем біріншілігінің күмісін иеленіп отыр.

Ал 48 келіде қола медальға таласқан Едіге Төлеутаев 1:3 әзербйжандық Амрах Амраховтан ұтылды.

https://turkystan.kz/article/247566-grek-rim-kuresinen-eki-baluanymyz-lem-chempionatynyn-kumis-zhuldegeri-atandy

Comments (0)
Add Comment