Grand Slam турнирі: қазақстандық дзюдошы күміс медаль алды

Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұманазар Грузия астанасы Тбилисиде дзюдодан өтіп жатқан Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, әлемдік доданың екінші күні А.Жұманазар 81 келіге дейінгі салмақта финалға дейін төрт кездесу өткізді.

Жарысты екінші айналымнан бастаған Абылайхан іріктеу кезеңінде Канада және Польша өкілдерін тізе бүктірді. Ширек финалда молдовалық Виктор Стерпуден басым түсті. Ал жартылай финалда татами иесі, грузиялық Дмитрий Гочилидзеден вазари әдісімен ұтылып жатып, таза жеңіп кетті.

Осыған дейін Grand Slam және Гран-при жарыстарында жүлде алып көрмеген Абылайхан Жұбазанар финалда аустриялық Уашид Борчашвилимен алтын жүлдені сарапқа салды.

Тартысты өткен белдесу қосымша уақытқа созылып, онда аустриялық дзюдошы вазари әдісін сәтті қолданды.

Осылайша, А.Жұбаназар алғаш рет Grand Slam турнирінде күміс жүлдені жеңіп алды.

Бұл – Тбилисиде Қазақстан қоржынына түскен үшінші медаль. Кеше Әбиба Әбужақынова мен Мағжан Шамшадин қола жүлдеге ие болған еді.

https://turkystan.kz/article/218012-grand-slam-turniri-kazakstandyk-dzyudoshy-kumis-medal-aldy/

Comments (0)
Add Comment