Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) орта салмақтағы әлемнің «суперчемпионы» Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) міндетті қарсылас белгіледі деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық боксшы кубалық чемпион Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 КО) жұдырықтасып, белбеуін қорғауға тиіс.
Қос тарапқа келіссөз жүргізу үшін 15 күн беріледі (8-23 ақпан аралығында). Егер боксшылар осы аралықта келісіп үлгермесе, промоутерлік сауда жарияланады.
https://turkystan.kz/article/213002-golovkinnin-kelesi-karsylasy-belgili-boldy-4/