Головкин Хабиб пен Макрегорды жекпе-жекке шақырды

Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Геннадий Головкин Tmz.com сұрақтарына жауап бере отырып, аралас жекпе-жек шебері ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландық Конор Макгрегормен шаршы алаңда жекпе-жек өткізу мүмкіндігіне пікір білдірді.

— Келесі айқаста қарсыласыңыз кім болады?

— Білмеймін, әзірге идея жоқ.

— МАА жұлдыздарымен — Хабибпен немесе Макгрегормен айқас өткізер ме едіңіз?

— Иә, олар — ұлы спортшылар және жақсы жекпе-жек өткізуге болар еді.

— Қайсысымен?

— Екеуімен де.

— Шынымен бе?

— Иә.

— Оларды нокаутқа түсіресіз бе?

— Білмеймін, ешкім де білмейді.

— Сіз расымен Хабибпен немесе Макгрегормен жекпе-жек өткізуді қалайсыз ба? Мүмкін, Ресейде?

— Мүмкін, неге өткізбеске?

Айта кетейік, Головкин рингке келесі жылдың көктемінде шығады деген болжам бар. Ол өзінің соңғы кездесуін 15 қыркүйек күні өткізіп, рематчта мексикалық Сауль Альвареске жеңіліп, орта салмақтағы атақтарының барлығынан айырылған болатын.

inform.kz

Comments (0)
Add Comment