Гимнасшы Милад Карими Әлем кубогі кезеңінде алтын медаль жеңіп алды

Ол еркін жаттығуда ең үздік нәтиже көрсетіп, чемпион атанды

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Милад Карими Германияның Котбус қаласында өткен Әлем кубогі кезеңінде алтын медаль жеңіп алды.

Милад Карими еркін жаттығуда ең үздік нәтиже көрсетіп, чемпион атанды. Финалда ол 14,133 ұпай жинап, бірінші орынға ие болды.

Екінші орынға Жапония спортшысы Кацуки Минами (13,666 ұпай) жайғасса, үздік үштікті Италия гимнасты Никколо Вануччи (13,533 ұпай) түйіндеді.

olympic.kz

https://turkystan.kz/article/256330-gimnasshy-milad-karimi-lem-kubogi-kezeninde-altyn-medal-zhenip-aldy

Comments (0)
Add Comment