Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырыс шеңберіне сәйкес, “Жамбыл облыстық жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен қала әкімдігінің мәжіліс залында жиын өтті.
Кездесуге Сарысу АПБ жергілікті полиция қызмет бөлімшесінің Отбасылық тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы полиция майоры Меруерт Дүйсенова, психолог Роза Жантуреева, аудандық “Іскер әйелдер” қоғамдық бірлестігінің төрайымы Раушан Әшімова, аудандық “Әжелер алқасының” төрайымы Светлана Қожаназарова, көпбалалы аналар мен аз қамтылған әйелдер қатысты.