Газа секторындағы атыс қашан тоқтайтыны белгілі болды

Газа секторындағы атыс осы жексенбіде, 19 қаңтарда тоқтатылуы керек. Бұл туралы Қатардың Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Газа секторындағы атысты тоқтату жексенбіде жергілікті уақыт бойынша сағат 08:30-да басталады», — деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Израиль үкіметі ХАМАС-пен бітімгершілік келісімін мақұлдағаны хабарланды.

2023 жылы 7 қазанда ХАМАС пен Израиль шабуылы басталды. ХАМАС 5 мыңнан аса зымыран атқылап, Израиль аумағына басып кірді. ХАМАС содырлары бейбіт тұрғындарды кепілге алып, соққылар жасады.

Израиль бұл шабуылға жауап ретінде Газа секторына кең ауқымды әскери операция бастады. Нәтижесінде мыңдаған бейбіт тұрғын қаза тапты. Газа секторының жағдайы гуманитарлық дағдарысқа ұшырады.

Фото: depositphotos.com

https://massaget.kz/news/gaza-sektoryindagyi-atyis-kashan-toktaytyinyi-belgl-boldyi-123931/?fbclid=IwY2xjawH4lg1leHRuA2FlbQIxMQABHXYMRqHb2pTDoi16Ic4KWUTtZlEbuxIQ-n8Z5iIAPbuzWALR8xIsFawZxA_aem_NrM_wRfJJNy-7H_JD2q6RQ

Comments (0)
Add Comment