Ғасыр жасаған қарияға құрмет

Бүгін Халықаралық қарттар күніне орай барлық аймақта салтанатты іс-шаралар көрініс берді.
Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил 101 жастағы Землянская Анна Кузьминчинаның шаңырағына барып, ғасыр жасаған қарияны құттықтап қайтты.
Сондай-ақ осы күні Тараз қаласы әкімінің орынбасары Гүлдана Жауынбекова да 101 жастағы ақ жаулықты әже Мадина Омарованы арнайы құттықтап, сый-сияпат көрсетті.
Өз кезегінде қариялар да елдің амандығын, жұрттың тыныштығын тілеп, алғыс білдірді.
Тараз қаласы
Comments (0)
Add Comment