Ғалымдар диабет пен Альцгеймер ауруының дамуына не себеп болатынын айтты

Alzheimer’s Research UK деменцияны зерттеу орталығының дерегіне сәйкес аурудың дамуына аузы қуысы бактериялары екен. Олар миға еніп, нейрондарды жоя алады. Салдарынан деменция дамуы ықтимал. Оның үстіне бұл микроағзалар жүрек-қан тамырлары жүйесіне де ене алады.

«Бактериялар қан тамырларының кеңеюіне кедергі келтіретін ферменттер бөледі. Мамандар ауыз қуысы мен ауыр дерттердің дамуы арасындағы байланысты бұрын да байқаға», – деді тіс дәрігері Виктория Сэмпсон.

Қауіпті дерттердің дамуының алдын алу үшін мамандар ауыз қуысын уақытылы тазалауға кеңес береді. Дәстүрлі тіс щеткасынан бөлек электрлі щетканы, тіл тазалағышты, тіске арналған жіпті пайдалану керек. Сондай-ақ құрамында лаурилсульфат натрий бар паста қолдануға болмайды.

Мамандар су ішудің тіс пен қызылиектің саулығына әсерін де айтып берді. Себебі су шырышты қабаттың құрғап кетуінің алдын алады. Сілекейдің жеткілікті көлемде болуы ауыз қуысындағы микробиом балансын ұстап тұруға әсер етеді.

https://stan.kz/galimdar-diabet-pen-alcgeymer-auruinin-damuina-ne-sebep-411171/

Comments (0)
Add Comment