Ғалымдар 200 жыл бұрын өмір сүрген «вампирдің» түрін қайта жасап шықты

Америкалық зерттеушілер шамамен 200 жыл бұрын өмір сүрген адамның сыртқы бейнесін қайта жасап шықты. Оның денесі «вампир қабірі» деген жерден табылды. Бұл туралы Live Science мақаласында айтылған деп хабарлады turkystan.kz.

XIX ғасырда жерленген адам 1990 жылы Коннектикут штатындағы Грисвольд қаласынан табылды. Табыттың қақпағында шегелермен JB55 деп және марқұмның аты-жөні мен жасы жазылған. Ал табыт ішінен басқаша формада жатқан ересек адамның қалдығы табылды. Оның бас сүйегі мен айқасқан жамбас сүйектері қабырғасы мен омыртқаларының үстінде орналасқан.

Қалдықтарды зерттеу көрсеткендей, шамамен 50-55 жастағы ер адам туберкулезбен ауыратын физикалық жұмыс істейтін фермер болған. Ауруы оны «вампир» деп санауға себеп болған секілді.

Одан кейінгі зерттеудің нәтижесінде бұл адамның жеке басын анықтауға мүмкіндік болды. Ол 55 жасында қайтыс болған Джон Барбер болып шықты.

Енді Эллен Грейттің басшылығымен генетиктер бұл адамның ДНҚ-сын ретке келтіре алады. Олар 2,5 есе қамтылған толық геномды оқығаннан кейін Барбердің сыртқы келбетіндегі кейбір ерекшеліктерді анықтады. Бұл ақпаратты сот-медициналық сарапшылар қолданып, ер адамның бет-әлпетін қайта жасап шықты.

Comments (0)
Add Comment