Футболдан ӘЧ: Шешуші матчтардың төрешілері анықталды

ФИФА Төрешілер комитеті Ресейдегі мундиальдің төрт соңғы матчына қызмет көрсету үшін 12 басты арбитр, 26 көмекші мен 10 видеокөмекші тізімін анықтады.

Айта кетейік, соңғы тізімде Колумбия — Англия матчында өзінің жұмысымен бірмәнді емес реакция тудырған америкалық Марк Гейгер де бар.

Жартылай финалда, үшінші орын үшін матчта және финалда кімнің қызмет көрсететіні әзірге белгісіз.

ӘЧ-2018 ресми сайтының ақпараты бойынша, турнирдің ақтық кезеңінде мыналар арбитр болды: АФК: Алиреза Фагани (И.Р. Иран) КАФ: Маланг Дьедиу (Сенегал) КОНКАКАФ: Марк Гейгер (АҚШ), Сезар Артуро Рамос Паласуэлос (Мексика) КОНМЕБОЛ: Андрес Кунья (Уругвай); Нестор Питана (Аргентина), Сандро Риччи (Бразилия) ОФК: Мэттью Конгер (Жаңа Зеландия) УЕФА: Джюнейт Чакыр (Түркия); Бьорн Кейперс (Нидреланды), Милорад Мажич (Сербия), Джанлука Рокки (Италия)

Жартылай финал 10 және 11 шілдеде, үшінші орын үшін матч — 14, финал — 15 шілдеде өтеді.

inform.kz

 

Comments (0)
Add Comment