Франциялық танымал футболшы құрамадағы мансабын аяқтады

«Манчестер Юнайтед» пен Франция командасының қорғаушысы Рафаэль Варан ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы 29 жастағы футболшы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Он жыл көлемінде елімнің намысын қорғау – үлкен мәртебе. Әр кез осы көк жейдені киген сайын, кеудемді мақтаныш сезімі кернеді. Жүрегіңмен ойнап, алаңда жеңіс үшін барыңды саласың, бұл – ерекше міндет. Бірнеше ай бойы ойланып, халықаралық футболдан кетуге шешім қабылдадым. Бастан кешірген сәттерді сағынарым анық, бірақ жастарға жол беретін уақыт келді. Бізде талантты жастар көп. Оларға мүмкіндік беру керек және оларға сіздердің қолдауларыңыз қажет. Шын жүректен рақмет» деп жазды Варан әлеуметтік желідегі парақшасында.

https://turkystan.kz/article/212421-frantsiyalyk-tanymal-futbolshy-kuramadagy-mansabyn-ayaktady/

Comments (0)
Add Comment