Бүгін аудандық әкімшілік ғимаратының мәжіліс залында “AMANAT” партиясы Сарысу аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа аудан әкімі Сәкен Мамытов, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Айтбала Жолмаханова, “AMANAT” партиясы аудандық филиалының төрағасы Мұратбек Есмұрзаев, фракция мен Саяси кеңес Бюросы мүшелері, мекеме және бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібінде «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Сарысу ауданы бойынша Жол картасының іс-шаралар мен көрсеткіштері бойынша 2024 жылға орындалу барысы мәселесі туралы аудан әкімі Сәкен Мамытов баяндама жасады.
“AMANAT” партиясы аудандық филиалының төрағасы Мұратбек Есмұрзаев баяндама бойынша сараптама жасап, аудан әкіміне Жол картасының орындалуына ықпал жасауды сұрады.
Отырыста фракцияның шешімі қабылданып, талқылаудағы мәселелер хаттамаға енгізілді.