ForteBank реттеуші органның Home Credit Bank пен HomeITTech компанияларын еншілес ұйым ретінде сатып алуға рұқсатын алды

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) «ForteBank» акционерлік қоғамына «Home Credit Bank» АҚ және банк экожүйесіне қызмет көрсететін технологиялық компания– «HomeITTech» ЖШС-ін еншілес ұйым ретінде сатып алуға рұқсат берді.

Естеріңізге сала кетсек, 2025 жылғы маусымда «ForteBank» АҚ мен «Home Credit Bank» АҚ (Қазақстан) аталған банктің 100% акциясын сатып алу туралы қағидатты келісімге келген болатын.

«Реттеуші органның рұқсаты сатып алу процесін аяқтауға мүмкіндік береді. Біз бұл мәміленің екі банкке де тиімді болатынына сенімдіміз: ForteBank технологиялық әлеуетін кеңейтіп, нарықтағы ұстанымын нығайта түседі, ал Home Credit Bank қорландырудың тұрақтылығын күшейтіп, дамудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады», – деп атап өтті ForteBank Басқармасының төрағасы Талғат Қуанышев.

«Home Credit Bank» АҚ қалыпты режимде жұмысын жалғастыра береді. Клиенттер алдындағы барлық міндеттемелер толық көлемде орындалуда, банк қызметтері мен өнімдер бұрынғы талаптарда қолжетімді болып қалады.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.03.2020ж. «ForteBank» АҚ-ға  берген № 1.2.29/197/36 лицензиясы

https://stan.kz/fortebank-retteushi-organnin-home-credit-bank-pen-homei-425648/
Comments (0)
Add Comment