Еуроодақ халқының төрттен бірі кедейліктің аз-ақ алдында тұр

Еуропа одағына мүше елдер тұрғындарының шамамен төрттен бірі немесе 112,9 млн адам кедейліктің аз-ақ алдында тұр. Сейсенбі күні Еуроодақтың «Еуростат» статистикалық қызметі осындай мәлімет таратты.

Мәлім етілгендей, 2017 жылы Еуроодақ құрамындағы үш ел халқының үштен біріне кедейлену қаупі төніп тұрған. Олар: Болгария (38,9%), Румыния (35,7%) және Грекия (34,8%). Ал халқының әл-ауқаты жақсырақ елдердің ішінде Чехия көш бастаған. Оның жалпы халқының 12,2% ғана кедейлену қаупі бар. Кейінгі орындарға Финляндия (15,7%), Словакия (16,3%) және Нидерланды (17%) орналастырылған.

2008-2017 жылдар аралығында Еуропа одағының ондаған елінде кедейлік немесе әлеуметтік оқшаулану қатері төнген тұрғындардың үлес мөлшері арта түскен.

Халқының басым дені кедейлікте тұратын елдердің көшінде Грекия (2008 жылы 28,1% болса, 2017 жылы 34,8% жеткен) тұр. Кейінгі орындарда Италия (25,5%-дан 28,9%-ға дейін), Испания (23,8%-дан 26,6%-ға дейін), Нидерланды (14,9%-дан 17%-ға дейін), Кипр (23,3%-дан 25,2%-ға дейін) және Эстония (21,8%-дан 23,4%-ға дейін) келеді.

Мұндай санаттағы адамдардың саны анағұрлым азайған елдер де атап өтілді. Олар: Польша (2008 жылы 30,5% болса, 2017 жылы 19,5% азайған), Румыния (44,2%-дан 35,7%-ға дейін), Латвия (34,2%-дан 28,2%-ға дейін) және Болгария (44,8%-дан 38,9%-ға дейін).

inform.kz

Comments (0)
Add Comment